Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Француз ұшағы Иранда апатты жағдайда қонды

2019 жылдың 9 мамыр 2019 11:47

ТЕГЕРАН. ҚазАқпарат - Air France әуе компаниясының Парижден Мумбайға бағыт алған ұшағы орталық Иранның Исфахан қаласына апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА irna.ir сайтына сілтеме жасап.

Air France әуе компаниясының Париж-Мумбай бағытындағы ұшағы Иранның үстінен ұшып бара жатқан кезде радардан жоғалып кеткен. Ұшақ Иранның Исфахан қаласының тұсында күтпеген жерден биіктікті жоғалтып, артынша онымен байланыс та үзілген.

Әуе кемелерінің ұшуын бақылайтын Flightradar24 қызметінің мәліметінше, Парижден Мумбайға бағытталған Air France ұшағы сигнал берген. Рейс бортында 267 жолаушы болған. Барлық жолаушылар қауіпсіз аймаққа жеткізілген, зардап шеккендер жоқ.

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай