Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 431.03
EUR 471.76
RUB 5.85
CNY 61.32

Фристайлшы Юлия Галышева Әлем кубогында «күміс» алды

2020 жылдың 26 қаңтар 2020 12:51

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева Канададағы Әлем кубогының жеке могул кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның нәтижесі 80,99 ұпайды құрады. Бірінші орынға 2018 жылғы Олимпиада чемпионы, француз Перрин Лаффон (82,14 ұпай) жайғасты. Үздік үштікті ресейлік Анастасия Смирнова (80.18) түйіндеді.

Еліміздің атынан барған тағы бір спортшы Аяулым Әміренова 58,54 ұпаймен 28-орынға тұрақтады.

Ерлер арасында канадалық Микаэль Кингсбери (86,80) жеңімпаз атанса, екінші орынды жапондық Икума Хорисима (86,60) иеленді. Үшінші орын француз Бенжамен Кавеге (83,99) бұйырды.

Қазақстандық спортшы Павел Колмаков 76,00 ұпай нәтижесімен 11-орыннан көрінсе, Дмитрий Рейхерд 24-ші болды (71,89 ұпай).

Айта кетсек, Әлем кубогінің үшінші кезеңі Мон-Трембланда (Канада) өтті.

Бұған дейін, Қазақстандық фристайлшы Анастасия Городко Фон-Ромдағы Еуропа кубогының кезеңінде «алтын» алған болатын.


Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай