Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Футбол: Бірінші лигада жолдама мәселесі соңғы турда шешіледі

2019 жылдың 27 қазан 2019 18:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан бірінші лига командалары арасында ел біріншілігі мәреге жақын қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көш басында келе жатқан командалар 25-турда сүрінген жоқ.

Петропавлдың «Қызылжары» сырт алаңда «Академия Оңтүстік» командасын 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, 55 ұпаймен бірінші орында қалды.

Ақтауда «Екібастұзды» 3:1 есебімен тізе бүктірген «Каспий» клубы 53 ұпаймен екінші орында келеді.

Үшінші-төртінші орындарда Шығыс Қазақстанның «Алтайы» мен Оралдың «Ақжайығы» тұр. Олардың еншісінде 52 ұпайдан бар.

Оралдықтар Алматыда «Қайрат-Жастар» командасынан 3:1 есебімен айласын асырды. «Ақжайық» сапында Роман Павинич, Ерболат Рүстемов және бразилиялық легионер Мелло Джакомо мергендігімен көзге түсті.

Өскеменде өтетін ойынға «Қыран» командасы бармай қалғандықтан, үш ұпай «Алтайдың» еншісіне жазылды.

Сонымен, премьер-лига жолдамасынан бұрынғыша төрт команда үміткер. Жолдама мәселесі 3 қараша күні өтетін соңғы турда «Қызылжар» - «Байқоңыр», «Шахтер-Болат» - «Каспий», «Екібастұз» - «Алтай», «Ақжайық» - «Астана М» ойындарында шешіледі. Егер «Қызылжар» мен «Каспий» қарсыластарын ұтса, премьер-лигаға жолдама алады. Бірінші топта үшінші орынды иеленген команда премьер-лиганы оныншы сатыда қорытындылаған клубпен қосымша матчта тағы бір жолдаманы сарапқа салады.

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай