Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Футбол: «Қайрат» Ресейдің «Рубин» клубынан басым түсті

2020 жылдың 19 ақпан 2020 22:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматылық «Қайрат» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында Ресейдің «Рубин» (Қазан) командасынан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын Түркияның Белек қаласында өтті. Алматылық футболшылар бірінші кезеңде үш гол соқты. Алдымен 14-минутта Абат Айымбетов мергендік танытса, сербиялық қорғаушы Раде Дугалич 16, польшалық жартылай қорғаушы Конрад Вжесиньски 36-минутта есепті үстемелей түсті.

Оған «Рубин» ойыншылары екінші кезеңде екі голмен жауап қайырды. Олардың қатарынан 75-минутта грузин жартылай қорғаушысы Зурико Давиташвили пенальтиден гол соқса, 89-минутта даниялық жартылай қорғаушы Оливер Абильдгор есеп айырмаын қысқартты. Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.

«Рубин» 2008, 2009 жылдарда Ресей чемпионы атанған. Сондай-ақ, 2003, 2010 жылдарда қола жүлдегер атанды. Қазір олар өз елінің Премьер-лигасында қысқы үзілісте 16 команда арасында 13 орында тұр.

Бұдан бұрын «Қайрат» командасы қатарына қырғызстандық футболшы қосылған еді.



Фото: fckairat.com

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Алматы, Спорт,
Жоғары қарай