Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

Футбол: Қазақстан құрамасының ойыншысы «Тобылға» ауысты

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 13:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Серікжан Мужиков қостанайлық «Тобыл» командасына алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тобыл» футбол клубы мәлім еткеніндей, жартылай қорғаушымен бір жылға келісімшарт жасалды.

Серікжан спорттық жолын талдықорғандық «Көксу» командасында бастады. Сосын жеті жыл бойы «Жетісу» намысын қорғады. Соның құрамында ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды. «Жетісу» құрамында Еуропа лигасында команданың жалғыз голын соқты.

С.Мужиков 2014 жылы «Астанаға» келді. Елордалық клубпен бірге алты мәрте Қазақстан чемпионы, кубок пен суперкубок иегері атанды. 2015 жылы жалгерлік негізде «Қайсарда» ойнады.

С.Мужиков ел құрамасы сапында 23 матч өткізіп, бір гол соқты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының тағы бір ойыншысы «Астанадан» кеткенін жазған болатынбыз.


Фото: fctobol.kz


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай