Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 380.19
EUR 419.01
RUB 6.08
CNY 54.81

Футболдан ӘЧ: КХДР және Оңтүстік Корея іріктеу кезеңінде бір топта ойнайтын болды

2019 жылдың 17 шілде 2019 22:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылы Катарда өтетін футболдан Әлем чемпионатына іріктеудің Азия елдері арасындағы екінші раундына жеребе тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ФИФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Жеребе нәтижелері бойынша, Корея Халық Демократиялық Республикасы және Корея Республикасы құрама командалары «Н» тобына түсті. Бұл топта екі корей елінен тыс, Ливан, Түрікменстан және Шри-Ланка бар.

Екі құрама осыған дейін 16 рет кездесіпті. 8 рет Оңтүстік Корея жеңіске жетіп, бір рет солтүстік басым түскен, қалған кездесулер тең нәтижемен аяқталған.

2-раундқа тартылған жеребенің жалпы қорытындысы мынадай:

А тобы: ҚХР, Сирия, Филиппин, Мальдив аралдары, Гуам аралдары

B тобы: Аустралия, Иордания, Қытай Тайпейі, Кувейт, Непал

C тобы: Иран, Ирак, Бахрейн, Гонконг, Камбоджа

D тобы: Сауд Арабиясы, Өзбекстан, Палестина, Йемен, Сингапур

E тобы: Бангладеш, Оман, Үндістан, Ауғанстан, Катар

F тобы: Жапония, Қырғызстан, Тәжікстан, Мьянма, Моңғолия

G тобы: БАӘ, Вьетнам, Таиланд, Малайзия, Индонезия

H тобы: Корея Республикасы, Ливан, КХДР, Түрікменстан, Шри-Ланка.


Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай