Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 386.04
EUR 427.77
RUB 5.88
CNY 54.45

Футболдан Чемпиондар лигасы: «Астана» бірінші кезеңде қарсыласына гол соға алмады

2019 жылдың 9 шілде 2019 20:01 1134

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дәл қазір Нұр-Сұлтан қаласында футболдан УЕФА Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңіндегі елордалық «Астана» мен Румынияның ЧФР командалары арасындағы кездесудің алғашқы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астананың» бас бапкері Роман Григорчук бірінші минуттан негізгі құрамда Ненад Эрич, Антонио Рукавина, Лука Шимунович, Евгений Постников, Абзал Бейсебеков, Иван Маевский, Юрий Логвиненко, Рунар Мар Сигурьонссон, Дорин Ротариу, Роман Муртазаев және Марин Томасов секілді шәкірттеріне сенім білдірді.

Ал ЧФР құрамында жасыл алаңға Гедрюс Арлаускис, Камора, Пауло Винисиус, Андрей Буркэ, Михай Бордеяну, Матео Сушич, Хуан Кулио, Овидиу Хобан, Чиприан Дяк, Константин Пэун және Билель Омрани шықты.

Кездесудің бірінші кезеңінде екі команда да бір-бірінің осал тұсын табуға тырысты. Алаң иелері көбірек шабуылға көңіл бөлді. Қонақтар негізінен қорғаныста жүрді.

«Астана» командасы да алдағы кездесуге зор үміт артып отыр. Команда құрамына бірқатар жаңа ойыншылар шақырылды. Атап айтқанда, исландиялық Рунар Сигурьонссон, Конго Демократиялық Республикасынан Фирмин Мубеле келді. Екеуі де Еуропа клубтарында доп тепкен тәжірибелі ойыншылардың бірі саналады.

«Астана» айтулы аламанға биыл бесінші жыл қатарынан қатысқалы отыр. Бұдан бұрынғы жылдарда бір мәрте УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде С тобында сынға түсті. Қалған жылдарда аталмыш турнирдің үшінші және плей-офф кезеңдерінде сүрініп, нәтижесінде УЕФА Еуропа лигасы топтық кезеңінде бақ сынады. Алғашқы үш жылда болгар маманы Станимир Стоилов командаңа бапкерлік жасаса, былтыр оны жергілікті бапкер Григорий Бабаян атқарды. Биыл «Астанаға» украиналық Роман Григорчук бапкерлік жасап жүргені белгілі.

 

Фото: vk.com/astanafootballclub

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай