Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Футзалдан Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан алғашқы матчты жеңіспен бастады

2019 жылдың 23 қазан 2019 23:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан құрамасы 2020 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу сатысын жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық футзалшылар бесінші топта сынға түсіп жатыр. Олар бүгін Албания құрамасымен шеберлік байқасты. Еліміз футболшылары сенімді ойын көрсетіп, қарсыластар қақпасына жауапсыз төрт гол соқты.

Алдымен 6-минутта қазақстандық Альберт Ақбалықов қарсыластар қақпашысын қапы қалдырып кеткен еді. Одан кейінгі голдар кездесудің екінші кезеңінде соғылды. Қазақстандықтар қатарынан Тайнан 26-минутта есепті ұлғайтса, 31-минутта Дуглас мергендік танытты. Қорытынды есепті 37-минутта Дәурен Тұрсағұлов белгіледі.

Осылайша, Қазақстан құрамасы қарсыласын 4:0 есебімен жеңіп кетті.

Қазақстандықтар енді 24 қазанда Голландиямен, 26 қазанда Румыниямен шеберлік байқасады. Естеріңізге сала кетелік, Әлем чемпионатының финалдық кезеңі 2020 жылдың 12 қыркүйек - 4 қазаны аралығында Литвада өтеді. Онда барлығы 24 құрама сынға түседі.

Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатында 2000, 2016 жылдарда бақ сынады. 2016 жылы ширек финалға дейін жеткен еді.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай