Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

G-Global өзектілігі жылдан-жылға арта түсетін болады - Paris Match

2016 жылдың 7 қыркүйек 2016 17:55 9013

ХАНЧЖОУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанда құрылған G-Global ақпараттық-коммуникативтік алаңын «G-20» және дамушы елдер арасындағы сұхбат орталығы ретінде құру бастамасының өзектілігі жылдан-жылға арта түсетін болады. «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатта Paris Match француз апталығының тілшісі Ричард Арзт осындай пікір білдірді.

«ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыртуын қабыл алып, Қазақстанның G20 саммитіне қатысуы өте маңызды. Осылайша, Қазақстан кезекті рет әлем экономикасының үздік жиырмалығымен сұхбат құрды және жаһандық мәселелерді шешу жолдарына қатысты өз көзқарастарын жеткізе алды. Менің ойымша, Н.Назарбаевтың G-Global ақпараттық-коммуникативтік алаңы негізінде «G-20» мен дамушы елдердің арасындағы сұхбат орталығын құру бастамасының маңызы жылдан-жылға арта түседі», - деді ол.

Р. Арзт саммит алаңында Франция президенті Франсуа Олланд пен Нұрсұлтан Назарбаевтың кездескенін атап өтті.

Айта кетейік, 1 қыркүйекте Н. Назарбаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыртуымен G20 саммитіне қатысу үшін Қытайға келді.

Бірінші сессияда Н. Назарбаев  жаһандық экономикалық мәселелерді шешу жолдары туралы өз көзқарасын білдірді. Сонымен бірге, Қазақстанда құрылған G-Global ақпараттық-коммуникативтік алаңын «G-20» және дамушы елдер арасындағы сұхбат орталығы ретінде қарастыруды ұсынды. 

 

 

Жоғары қарай