Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Ғабит Байжанов ҰҚК Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды

2019 жылдың 8 қазан 2019 17:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының Өкімімен Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ғабит Жақыпбайұлы БАЙЖАНОВ 1963 жылы 1 қарашада дүниеге келген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің «Барлау» қызметі директорының орынбасары (2007); «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (2009-2015); «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры (2015-2018). 2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болды. 2019 жылғы ақпаннан бері «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры қызметін атқарған.




Жоғары қарай