Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Ғали Есқалиев - Батыс Қазақстан облысының әкімі

2019 жылдың 13 маусым 2019 15:08 4088

 НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ғ.Н. Есқалиевті Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. 

Ғали Есқалиев 1970 жылы туған, білімі жоғары. Батыс Қазақстан аграрлық университетін «экономика», Халықаралық бизнес академиясын «менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. 

Әр жылдары «Тұран-Әлем банк» АҚ Орал қаласындағы филиалында маман, бөлім басшысы, «Темірбанк» АҚ филиалының директоры, БҚО Кәсіпкерлікті қолдау және даму департаментінің директоры, «Қазақстан даму банкі» АҚ атқарушы директоры, вице-президенті, басқарма төрағасы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Астана қаласы әкімдігі қалалық Ортаны регенерациялау басқармасының басшысы, Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеген. 

 

 

 

Жоғары қарай