Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Ғалымдар мен бизнесмендер Қазақстандағы ең қуатты автотрансформаторды таныстырды

2019 жылдың 4 қазан 2019 20:45

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте еліміздің ғалымдары мен кәсіпкерлері ең қуатты автотрансформаторды таныстырды. Ол ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банктің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы негізінде іске асырылды, деп хабарлайды.

Елімізде ғылым мен бизнесті біріктірудің арқасында трансфоматорларды жасау саласындағы инновациялық ілгерілеуге қол жеткізіліп отыр. «Alageum Electric» компаниясы, «Энергия» Қазақстандық Бас отын-энергетика жүйелерін ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институты» АҚ және «Электродеталь» ЖШС кәсіпорындарының құрамына кіретін Кентау трансформатор зауытының ғалымдары мен инженерлері қуаттылығы жоғары автотрансформаторды жасап шығарды. Орталық Азия мен Қазақстандағы ең қуатты саналатын автотрансформатор 63 МВА санатты, 220 кВ кернеулі. Жоба 2017 жылы «Өнімді инновациялар консорциумының» бағдарламасы шеңберіне қолдау тапқан болатын. Оның жобалаушысы – техника ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі Сергей Соколов. Ол өз саласында үлкен нәтижелерге қол жеткізгендігін айта кету керек. Сонымен қатар, оның ғылыми еңбектері елімізде және шет елдерде жарияланған.

«Қуаттылығы 63 МВА автотрансформатор» Қазақстанға өте қажет. Оларға деген сұраныс күннен-күнге артып келеді. Ал шет елдерде бұл трансформатор өзінің ерекшеліктеріне орай басқа да осындай трансформаторлармен бәсекеге түсе алады», - дейді Сергей Соколов.

Бүгінде Кентау трансформатор зауытында құрылғы пайдалануға әзір тұр. Жақын күндері осы трансформаторлар арқылы Түркістан облысындағы үш аудан – Келес, Сарыағаш және Мақтааралға электр энергиясы беріле бастайды. Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығымен шарт жасалып та қойған.

Айта кетейік, соңғы кезде елімізде және алыс-жақын шетелдерде қуаттылығы жоғары трансформаторларға деген сұраныс артып келеді. Мәселен, Қазақстанның іс жүзінде барлық қосалқы станциялары ХХ ғасырдың 80-жылдары салынғаны белгілі. Демек, таяудағы мерзімде оларды жаңғыртуға мүмкін болады. Сондықтан да, ескіргендерін отандық трансформаторларға алмастыру Қазақстандағы импорт алмастыру бағдарламасының негізгі философиялық тұжырымы болып отыр. Ал, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ бұл бағытта белсенді жұмыс атқаруда. Кернеуі 220 кВ класты қуаттылығы 63 МВА автотрансформаторы – Қазақстандағы импорталмастыру жөніндегі ауқымды жұмыстың жарқын мысалы болып табылады.










Жоғары қарай