Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Ғарыш экологтары Байқоңырдан «Протон-М» зымыраны ұшырылғаннан кейін жұмысқа кірісті

2019 жылдың 14 шілде 2019 16:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылдың 13 шілдесінде Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылғаннан кейін, «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы (ҒЗИ)» РМК өкілдігінің қызметкерлері жұмысқа кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ғарыш-Экология» ҒЗИ» РМК бас директоры Жайлаубай Жұбатовтың хабарлауынша, ұшырылым штаттық режімде өткен. Зымыран-тасығыштың алғашқы сатысы Қарағанды облысы Ұлытау ауданында орналасқан № 25,15 (Ю-24 аймағы) арнайы аймағына қонған. «Ғарыш-Экология» ҒЗИ» РМК Байқоңыр өкілдігінің мамандары Байқоңыр ғарыш айлағында зымыран-тасығышқа отын құю кезінде атмосфералық ауа мен топырақтан сынама алды.

«Ғарыш-Экология» ҒЗИ» РМК Жезқазған бөлімінің қызметкерлері ресейлік әріптестерімен бірлесіп бірінші саты түскен орында экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге кірісті. Барлық экологиялық жұмыстар штаттық режімде жүріп жатыр, деп атап өтті Ж.Жұбатов.

«Протон-М» зымыран-тасығышы 2019 жылдың басынан бері ұшырылған екінші ғарыш кемесі. Ресейлік ауыр зымыран «Спектр-РГ» ғарыш обсерваториясын белгіленген орбитаға алып шығарды.


Автор: Сара Қабиқызы

Жоғары қарай