Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Ғарышқа саяхаттаған робот Федор Жерге оралды

2019 жылдың 7 қыркүйек 2019 13:56

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған робот «Федор» орбитада 12 күн жұмыс істеп, аман-есен Жерге оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бортында робот Федор Skybot F-850 бар «Союз МС-14» ғарыш кемесінің аппараты Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 147 шақырым қашықтықта Нұр-Сұлтан уақытымен 03 сағат 32 минутта қонды.





Роскосмос баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, «Союз МС-14» ғарыш кемесінің жерге қонуы және орбитадағы жұмысы бойынша барлық операция штаттық режімде өткен.

Еске салайық, «Союз-МС» көліктік кемесі бар «Союз-2.1а» жаңа зымыран-тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан 2019 жылдың 22 тамызында ұшырылды. Алайда, ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) белгіленген уақытта түйісе алмады.

Бұдан бұрын «Союз-2.1а» зымыраны орбитаға тек «Прогресс» жүк кемелері мен түрлі бағыттағы ғарыш құрылғыларын шығарып отырды. 25 қыркүйекке жоспарланған ұшырылымнан кейін «Союз-2.1а» зымыран-тасығышын «Союз-ФГ» кемесіне ауыстырады.

Автор: Сара Қабиқызы

Жоғары қарай