Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Германияның Франкфурт қаласындағы әуежайда екі ұшақ соқтығысты

2019 жылдың 18 қараша 2019 04:20

БЕРЛИН-ТАСС-ҚазАқпарат – Сенбі күні кешкісін Германияның Франкфурт-на-Майне қаласының әуежайында екі ұшақ соқтығысып қалды, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

Жексенбі күні DPA агенттігі аталмыш әуежайдың операторына сілтеме жасай отырып, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпегенін хабарлады. Себебі екі ұшақ та өте төмен жылдамдықпен келе жатқан.

Соқтығысқан Korean Air және Air Namibia компанияларының ұшақтары. Көліктердің бірінің рөліне, екіншісінің бір қанатына зақым келген. Кореялық компанияның ұшағы жексенбі күні ғана Сеулге ұшты. Жолаушыларға қонақ үйлердің бірінен орын берілді.

Fraport әуежайының оператор-компаниясы мамандардың осы оқиғамен байланысты барлық мәліметтерді жинап жатқанын хабарлаған. Сарапшылар «қара жашіктің» ақпараттарын зерделеуде.

Перевод Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай