Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Голливудтың продюсер-режиссері Таразда шеберлік сабағын өткізді

2019 жылдың 19 қараша 2019 22:23

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Облыстық кино орталығы», «TarazFilmSchool» киномектебі, АҚШ-тың бас консулдығы бірлесе ұйымдастыруымен Тараздағы «Astana Park» кинотеатрында «Тарих құрылымы» атты ашық семинар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семинар барысында Америка Құрама Штаттарынан арнайы келген голливудтық белгілі продюсер, режиссер-сценарист, монтаж режиссері және Эмми сыйлығының номинанты, жазушы – Дженнифер Арнольд қазіргі кезде киноның қоғамда алатын орны, түсірілім кезінде режиссердің, сценаристің, актердің іс-қимылдары, сюжеттің құрылымдары жөнінде шеберлік сабағын өткізді.

Семинар бағдарламасына сәйкес, Жамбыл «Облыстық кино орталығының» директоры Е.Әуесбаев, Қазақстандағы АҚШ Бас консулдығының өкілі Б.Бурина, «Taraz Film School» директоры Д.Қамшыбаев өткізіліп жатқан шара туралы өз ойларымен бөлісті.

Айтулы шара өңірлік киноиндустрияны дамыту, дарынды жастардың кино өнеріне сүйіспеншілігін арттыру және кәсіби білімі мен біліктілігін шыңдауға мүмкіндік сыйлау, бос уақыттарын тиімді пайдалана отырып, отандық кинематографияның өркендеуіне үлес қосатын мамандарды даярлап шығаруға негізделді. Оған Тараз қаласының жоғары оқу орындары, колледж мектептерден және басқа да мекемелерден 150-ге жуық көрермен қатысты.




Айта кетейік, Дженнифер Арнольд комедия, драма, көркем фильм және деректі фильмдер түсіреді. Ол – «A Small Act» (HBO), «The Diplomat» (ESPN) және «Tig» (Netflix) тәрізді танымал деректі фильмдердің режиссері, сондай-ақ «Fat Camp» комедиясы мен «Fox» арнасындағы «The Last Man on Earth» және «Ghosted» сериалдарын түсіруге қатысқан. Оның режиссерлік жұмыстарының арасында «American Horror Story» және «American Housewife» сериалдары да бар.




Автор Ғибрат Сембай
Басты сөздер: Мәдениет, Жамбыл облысы,
Жоғары қарай