Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Головкин әлемнің үздік боксшыларының бестігіне енді

2019 жылдың 17 қазан 2019 00:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - WorldBoxingNews.net сайты салмақ санаттарына қарамастан (pound-for-pound) әлемнің үздік боксшыларының жаңартылған рейтингін ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тізімнің алғашқы сатысында украиналық Василий Ломаченко тұр, екінші орынға Мексика өкілі Сауль Альварес орналастырылған. Үздік үштікті АҚШ боксшысы Эррол Спенс түйіндеп тұр.

IBF/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин жетіншіден бесінші орынға көтерілді. Еске салайық, GGG 6 қазан күні өткен титулдық жекпе-жекте украиналық Сергея Деревянченконы жеңген болатын.

Рейтингтің ТОП-ондығына енген спортшылар: 1. Василий Ломаченко 2. Сауль Альварес 3. Эррол Спенс 4. Мэнни Пакьяо 5. Геннадий Головкин 6. Наоя Иноуэ 7. Теренс Кроуфорд 8. Александр Усик 9. Хуан Франсиско Эстрада 10. Тайсон Фьюри. ⠀

Жоғары қарай