Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Головкин ең көп гонорар төленетін боксшылардың TOP-бестігіне енді

2019 жылдың 16 наурыз 2019 18:08 1019

АСТАНА. ҚазАқпарат - Mmaboxing.ru сайты бүгінгі таңда ең көп гонорар алатын бес боксшының рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әлем бойынша теледидардан берілген алғашқы боксшылар жекпе-жегі 1933 жылы Лондонда орта салмақтағы Арчи Секстон мен Лори Райтери арасында болды. Содан бері теледидардағы тегін трансляциялар ақылы - pay-per-view деңгейіне дейін дамыды. Шын мәнісінде бүгінгі таңда жұлдызды боксшылар бір кеште-ақ байып кету мүмкіндігіне ие. Қазір миллион долларлық қаламақының жекпе-жегімен ешкімді таңғалдыра алмайсың. Оған  2018 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін ең жоғары  ақы алып келген боксшылардың бестігі дәлел бола алады.

5. Деонтей Уайлдер - 16,1 млн $

Аса ауыр салмақтағы WBC чемпионы Уайлдер өткен жылдың наурыз айында жеңіліп көрмеген кубалық Луис Ортистен басым болып, 2,1 млн $ алды. Желтоқсан айында Уайлдер Тайсон Фьюримен жекпе-жекке шықты. Сол айқаста шамамен 325 000  PPV сатылып, боксшыға 14 млн $ табыс әкелді.

4. Мэнни Пакьяо - 30 млн $

Әлем бойынша сегіз категориялы жалғыз чемпион Пакьяо соңғы рет 19 қаңтарда Лас-Вегастағы «MGM Grand» аренада  Эдриен Бронермен жекпе-жекке шығып, бірауызды шешіммен жеңіске жетті. Showtime арнасынан pay-per-view бойынша көрсетілген сол жекпе-жекте филиппиндық боксшы 10 млн $ табысқа кенелді. Хабарламаларға сүйенсек, сол айқаста 400 мың PPV сатылған. Алайда, Пакьяо үшін бұл соншалықты жоғары көрсеткіш емес, өзінің әлдеқайда әлдірек жылдарында ол бұдан да көп табыс тапқан.

Шілде айында Пакьяо Лукас Маттиссені 7-ші раундта нокаутқа жіберіп, оны WBA-ның «тұрақты» чемпионы титулынан айырды. Сол жекпе-жекте «Пакменнің» нақты қанша табыс тапқаны белгісіз, алайда оның кеңесшісі Майкл Концтың мәліметіне сүйенсек, кем дегенде - 20 млн $.

3. Геннадий Головкин - 41 млн $

Орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин. Ол  өткен жылдың қыркүйек айында Саул Альвареспен реваншта төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды. Дегенмен, жеңіліске ұшыраған ол 40 млн $ алды. Ақылы жазылушылардың саны 1,1 млн болды. Одан төрт ай бұрын Головкин Ванес Мартиросянды екі раунд  ішінде оп-оңай нокаутқа жіберген болатын. Нәтижесінде 1 млн $ табыс тапты. Головкин жақында DAZN стримингілік сервисімен келісімшартқа қол қойды. Компания оны одан әрі қомақты чектермен қамтамасыз етері сөзсіз.

2. Энтони Джошуа - 51,6 млн  $

Өткен жыл  ауыр салмақтағы WBO, WBA және IBF  чемпионы үшін табысты жыл болды. Наурызда Джозеф Паркер біріктірілген жекпе-жекте жеңіске жетіп, 28,5 миллион доллар тапты. Қыркүйек айында А.Я. Поветкинді 6-раундта Wembley Stadium стадионында нокаутқа түсіріп, өз белбеуін қорғаған. Бұл жекпе-жегі үшін Джошуа 28,5 млн$ табысқа кенелді.

1. Сауль Алварес - 65 млн $

Өткен жылдың көктеміндегі допинг оқиғасына қарамастан орта салмақтағы WBC/WBA чемпионы Альварес 2018 жылы екі мәрте рингке шықты. Қыркүйек айындағы Головкинмен жекпе-жектегі жеңісі үшін ол 50 млн доллар алды. Ал желтоқсан айында «Канело» DAZN-мен келісім бойынша өзінің бірінші айқасын өткізді. 4 мамырда Альваресті абсолютті әлем чемпионы атағы үшін кездесу күтіп тұр. Ол бұл жолы IBF чемпионы Дэниел Джейкобспен айқасады. Бұл жекпе-жек те Сауль үшін мол табыстың көзі болары сөзсіз.

 

 

 

Басты сөздер: Спорт, Бокс, Геннадий Головкин,
Жоғары қарай