Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Головкин Конор Макгрегордың диетологымен жұмыс істемек

2019 жылдың 9 мамыр 2019 13:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) командасының құрамын жаңартты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Геннадийдің жаттықтырушысы ауысып, Абель Санчестің орнына Джонатан Бэнкс келді. Ол жаңа диетолог ұсынды: енді UFC жұлдызы Конор Макгрегордің дұрыс тамақтануымен айналысқан Джеймс Локвуд GGG-мен де жұмыс істейді.

Айта кетейік, Головкин бұрынғыша Биг Беар лагерінде жаттығуын жалғастырып жатыр. Бэнкстің жаттықтыруымен алғаш рет 8 маусым күні Нью-Йоркте канадалық Стив Роллспен (19-0, 10 КО) жекпе-жекке шығады. Париматч букмекерлік кеңсесінің бағалауынша: Головкиннің жеңісі - 1.01, Роллдың жеңісі - 19. Жекпе-жек 164 фунттық аралық салмақта өтеді.

Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай