Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Головкиннің келесі қарсыласы анықталды

2019 жылдың 23 қазан 2019 00:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн қазақстандық боксшының поляк Камил Шереметамен алдағы жекпе-жегі туралы жүріп жатқан келісім жайлы мәлім етті, деп хабарлайды Sports.kz.

«Бұдан бұрын айтқанымдай, Чикагодағы Wintrust Arena-ны 29 ақпанға брондадық. Головкин - Шеремета бокс кешінің андеркардында поляк боксшыларының қатысуымен бірнеше жекпе-жек өтеді. Геннадий өз тарапынан Шереметамен айқасқа дайын, әзірге келіссөз жалғасып жатыр. Бәрі дұрыс бағытта өтіп жатыр»,-деді Хирн.

Шеремета қазан айының басында Головкиннің украиндық боксшы Сергей Деревянченконы жеңіп алған IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуіне міндетті үміткер болады деп күтілуде.

Жоғары қарай