Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Головкиннің жаңа жаттықтырушысы еңбекақысы жайлы айтты

2019 жылдың 9 мамыр 2019 14:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) жаттықтырушысы Джонатон Бэнкс боксшымен серіктестігінің қаржылық жағы туралы айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Sports.kz-ке сілтеме жасап.

- Головкиннің Санчеспен байланысын үзу себебіне қатысты пікіріңізді білдіре аласыз ба? Головкинге көрсететін қызметіңіздің еңбекақысы қандай?

- Олардың не себепті байланыстарын үзгені мені алаңдатпайды. Оған қатысты пікірімді білдіре алмаймын. Еңбақыма келсек, оны да егжей-тегжейлі айтқым келмейді. Бірақ қаржылық мәселелер бойынша менің түсінуімше, бәрі дұрыс.

Айта кетейік, Головкин мен Санчестің айрылысуына шешілмеген қаржылық мәселелер себеп болды: Геннадий жаттықтырушысының жалақысын азайтқысы келген, ал ол бас тартқан. Геннадий Бэнкстің жаттықтыруымен алғаш рет 8 маусым күні Нью-Йоркте канадалық Стив Роллспен (19-0, 10 КО) жекпе-жекке шығады. Париматч букмекерлік кеңсесінің бағалауынша: Головкиннің жеңісі - 1.01, Роллдың жеңісі - 19. Жекпе-жек 164 фунттық аралық салмақта өтеді.

Басты сөздер: Геннадий Головкин, Спорт, Бокс,
Жоғары қарай