Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Гүлшара Әбдіқалықова ақтаулықтарға Елбасының әлеуметтік бастамалары туралы айтты

2019 жылдың 16 наурыз 2019 17:59 794

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова жетекшілік еткен жұмыс тобы Маңғыстау облысы бойынша  сапарын жалғастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жұмыс тобының құрамына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҚР ИИДМ құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов, ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің төрағасы Қайыр Рыскелдинов, тілшілер мен блогерлер енген.

Гүлшара Әбдіқалықова «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кеңсесінде қала мен аудан әкімдерінің, кәсіпорын басшылары мен кәсіподақ ұйымдарының отырысын аша отырып, Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» атты жаңа әлеуметтік шаралары жүзеге асырылып жатқанын, ол шаралар көпбалалы аналар мен табысы төмен азаматтардың әлеуметтік және тұрғын үй мәселелерін шешуге бағытталғанын атап өтті. Осыған байланысты бизнес бұл жұмысқа белсене араласуы керектігін айтты.


null 

Отырыс соңында Үкімет басшысының орынбасары азаматтарды қабылдады. Халықты алаңдатып отырған мәселелер төңірегінде Гүлшара Әбдіқалықова аймақ басшылығына нақты тапсырмалар берді.

Жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 32-ші шағын аудандағы отбасылық дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысып, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруды жақсарту мәселелері бойынша дәрігерлер мен пациенттердің қойған сұрақтарына жауап берді. Үкіметтік топтың өзге мүшелері де Ақтау қаласының бірқатар кәсіпорындары мен нысандарын аралап, жұмыстың барлық бағыты бойынша жұмыс жүргізді.

Сапар соңында Гүлшара Әбдіқалықова мен жұмыс тобының мүшелері Достық үйінде Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру үшін, ең алдымен көпбалалы және аз қамтылған, мүгедек баласы бар отбасылардың, халықтың әлеуметтік аз қамтылған бөлігінің әл-ауқатын арттыру бағытында мемлекет біршама кешенді жұмыстар атқарғаны айтылды. Кездесуде сұрақтар мен өтініштер ғана емес, «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасын жүзеге асырудағы ұтымды ұсыныстар да айтылды. Әсіресе, кәсіпкер Айжан Нұрланованың «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында нақты істер жасалып жатқанына ерекше назар аударылды. Аталған кәсіпкер Президенттің тапсырмасын орындай келе 50-ге тарта адамға кәсіпкерлік бизнес негіздерін үйреткен. Сонымен қатар, кәсіпкер азаматтарға тауық сатып беру арқылы құс шаруашылығымен айналысуға көмектесіп, халықты нан өнімдерімен қамтамасыз еткен. Көпбалалы отбасыларға тандыр пешін орнатып, жыл бойы қызанақ пен қияр өсіру амалдарын үйретіп, жылыжайлар салып берген.


null 

Осылайша, Премьер-Министрдің орынбасары бастаған жұмыс тобының Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарына көзделген жұмыс сапары аяқталды. Үкімет мүшелері алдағы уақытта қалған өңірлерді аралайтын болады.

 

 

Жоғары қарай