Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет мүшелері Жаңаөзен тұрғындарымен кездесті

2019 жылдың 15 наурыз 2019 19:20

ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет мүшелері Жаңаөзен тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуде Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы Айкүміс Досанова Үкімет мүшелеріне өз ұсынысын жеткізді

«Халыққа жұмыс керек. Бұл үшін облыстағы бизнесті дамыту қажет. Сондай-ақ, зейнетақы жүйесін қайта қарауды ұсынамын. Әсіресе, мүгедек бала бағып отырған аналардың жағдайын қайта қарастырсаңыздар»-, деді Айкүміс Досанова.

Өз кезінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев бұл ұсынысқа пікір білдірді.

«Өңірде әйел кәсіпкерлерінің орталығы бар. Әрине, кәсіпкерлікті дамытуымыз керек. Біз бұл мәселені Ералы Лұқпанұлымен (Маңғыстау облысының әкімі Тоқжанов - авт.) бірге қарастыратын боламыз »,-деді Бердібек Сапарбаев.

Өз кезінде Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бірнеше министрліктермен бірге жұмыс жүргізіліп, мәселенің пысықталатынын жеткізді.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет мүшелері Маңғыстау облысына келгендігін хабарлаған болатынбыз.

Жоғары қарай