Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

«Хабар» агенттігі өз өнімдерін халықаралық Канн көрмесінде ұсынуда

2019 жылдың 15 қазан 2019 18:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Хабар» агенттігінің туындылары дүниежүзінің ең ірі MIPCOM аудиовизуалды нарығына шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрме жыл сайын Каннда дүние жүзінің эфирлік, кабельдік, цифрлық және жерсеріктік телевизия және радиохабар тарату саласындағы фильмдер мен бағдарламалар өндірушілерінің басын қосады.

«Біздің мақсатымыз – отандық көрермендерге қызықты болатын өнімді табу. Сонымен қатар агенттік өндірген туындыларды әлемге таныту, паш ету. Қуантатыны, халықаралық нарықта біздің өнімге сұраныс жоғары. Танып, біліп жатқандар қаншама. Одан бөлек, бірнеше телекомпаниялар біздің агенттіктен өз контенттерін таратуға көмек көрсетуімізді сұрап келді», - деді «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин.

«Хабар» Агенттігі биыл өткен жылдардың маусымдық хиттерін ғана емес, сонымен қатар Сидней олимпиадасының чемпионының тағдыры туралы «Бекзат» биографиялық драмасын, ұшқыштар туралы «Дала қырандары» туындысын, «Дулати» тарихи драмасын, «Рауза» мелодрамасы сынды тағы да басқа жаңа өнімдерін ұсынуда.

Жоғары қарай