Ауа райы
Нұр-Сұлтан 13 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Хакерлер бұзған балабақша жүйесі осы аптада іске қосылуы мүмкін

2019 жылдың 12 маусым 2019 01:26 677

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Балабақша орындарын бөлу жүйесін осы аптаның соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Білім басқармасы мәлім етті, деп хабарлайда елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қазіргі уақытта мамандарымыз біздің жүйеге жасалған шабуылдарды тоқтатты. Бүкіл жүйенің және қызметтердің жұмысына қайтадан талдау жүргізілді, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қосымша шара ретінде жабдық пен байланыс арнасының қуатын арттырамыз. Жұмыстарды аяқтағаннан кейін аптаның соңына дейін жүйені іске қосуды жоспарлап отырмыз, бұл туралы ата-аналарға іске қосардан бір күн бұрын хабарлаймыз», - деп хабарлады Білім басқармасы.

Ведомство қауіпсіздік қызметінің барлық қызметі уақытша тоқтатылғанын хабарлады, іске қосылар алдында жаңа кесте жарияланып, түсіндірме жұмыстары да жүргізіледі.

Еске салсақ, бұған дейін хакерлер елорданың балабақшаға жолдама беру жүйесіне шабуыл жасағандығы туралы хабарлаған болатынбызды

 

 

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам,
Жоғары қарай