Ауа райы
Нұр-Сұлтан 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Халықаралық «Әлемдік жүгіру» эстафетасының қатысушылары Қазақстанда болады

2016 жылдың 4 шілде 2016 21:28 8782

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 2 шілдеден 25 тамызға дейінгі аралықта Қазақстан Республикасының аумағынан Халықаралық «Әлемдік жүгіру» алау эстафетасының Азия-Тынық мұхит тармағы өтеді, ол Қытай, Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан. Ресейді, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азия мен Мұхит елдерін біріктіреді, деп хабарлады Қазақстан мен Орталық Азиядағы эстафета үйлестірушілері.

«Әлемдік жүгіру» - спорттық-гуманитарлық шара, ол спортты, дене тәрбиесін және салауатты өмір салтын  кеңінен таратуға,  бейбітшілікке, достыққа, үйлесім мен бірлікке үндейді. Олимпиадалық стильдегі қатысушылар жанып тұрған алауды ізгі ниет символы ретінде қолдан қолға береді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, оған даярлық деңгейі мен жасына қарамастан әрбір адам қатыса алады - бұл үшін жанып тұрған алуды алып жүрсе, тіпті оны қолына ұстап, өзінің ізгі ниетін білдіріп, бейбітшілк туралы тілегін жеткізсе болды.

«Әлемдік жүгіру» - ең ұзақ алау эстафетасы. 1987 жылы негізі қаланған ол бүгінде 6 құрлықта - Еуропада, Азияда, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Африкада және Австралияда 140-тан астам елде өткізіледі. Оған көптеген елдердің халықтары - алты миллионнан астам адам қатысты. «Әлемдік жүгіру» дәстүрлі түрде Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтері ғимаратынан сөреге шығады.

Әлемдік жүгіруге әртүрлі кезеңде  көрнекті қоғам қайраткерлері Тереза ана, Далай Лама, Рим Папасы Иоанн Павел II, Архиепископ Дэсмонд Туту, Михаил Горбачев, Нельсон Мандела, патшайым Елизавета II, ханшайым Диана, Мұхаммед Әли, Карл Льюис, Вячеслав Фетисов, Александр Карелин, Анатолий Карпов, Николай Валуев, Владимир Смирнов, Анатолий Храпатый, Пол Маккартни, Борис Гребенщиков қатысты. .

1996 жылы ғарышкер Геннадий Стрекалов эстафетаны ғарышқа және «Мир» орбиталық стансасына жеткізіп, американдық астронавтарға тапсырды. 2006 жылы эстафета алауы Эльбруста, ал 2008 жылы Солтүстік полюсте болды.

2016 жылы Қазақстандағы «Әлемдік жүгіру» Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына арналады.

Ұзындығы 4 мың шақырымдық эстафетаға Жаркент (2 шілде), Алматы (6 шілде), Талдықорған (13 шілде), Өскемен (18 шілде), Семей (21 шілде), Павлодар (24 шілде), Екібастұз (26 шілде), Астана (28 шілде), Көкшетау (23 тамыз), Петропавл (30 тамыз) және басқа да қалалар қатысады.  

 

 

Басты сөздер: Спорт, Әлем,
Жоғары қарай