Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Халықтың әл-ауқаты артқанда азаматтық белсенділік те өседі – сарапшы

2019 жылдың 3 қыркүйек 2019 21:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экономикалық дамудың тұрақтылығы шағын және орта бизнестің дамуымен тікелей байланысты. Бұл пікірді ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Айгүл Көшербаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде азаматтардың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқаты, урбанизация және ақпаратқа қолжетімділігі артуда, сәйкесінше азаматтық белсенділік деңгейі де өсіп келеді. Сондықтан, қоғамдық кеңестер құрылды, қоғам мен бизнес арасында, билік пен халық арасында да үнемі байланыс бар. Алайда, мән беруге тұрарлық бір мәселе бар. Оқиғаға үн қату, жауап беруде сылбырлық бар. Сондықтан, халықтың мұң-мұқтажын «еститін» мемлекет мәселесі қойылып отыр. Яғни, мемлекетте экономикалық, әлеуметтік-саяси реформаларды жүзеге асыру платформасы болуы қажет. Экономикалық дамуда тұрақтылық болуы керек. Ал оның тұрақтылығы шағын және орта бизнестің дамуымен тікелей байланысты», - деді А. Көшербаева Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде Президент Жолдауын талқылау бойынша қала активінің кездесуінде.

Оның айтуынша, Қазақстан қатарына қосылғысы келетін дамыған елдерде жалпы ішкі өнімдегі ШОБ үлесі 50-60 пайызды құрайды. 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласының жалпы өңірлік өнімінде ШОБ 58,5 пайыз болды. Яғни, қала дамыған елдердің санатына ену үшін қарышты қадамдар жасауда. Және А. Көшербаева Президенттің «қарапайым заттар экономикасы» туралы ескертуін ерекше атап өтті.

«Жобаның саны мен құнын айтқанда, нәтижеге бағдар жасау қажет. Жобаларды қолға алғанда ондағы менеджерлердің білім деңгейін көтеру керек. Қазақстанда Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік жобалық менеджерлерге қатысты мұндай жұмыстар жүріп жатыр», - деді Айгүл Көшербаева.


Жоғары қарай