Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

ХОК Токио олимпиадасында саяси ишараларға тыйым салды

2020 жылдың 12 қаңтар 2020 22:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық олимпиада комитеті 2020 жылғы Токио олимпиадасы кезінде саяси ишараттар жасауға тыйым салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Huffington Post басылымына сілтеме жасап.

«Жаһандық деңгейде бейтараптылық сақтау керек. Ешбір саяси, діни немесе этникалық белгілерге жол берілмеуі тиіс» делінген комитеттің хабарламасында.

Комитеттің хабарлауынша, Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанаттарында, ойын алаңдарында, марапаттау шарасында және басқа да ресми жиындарда қандай да бір ишараттар көрсетуге тыйым салынады.

Комитет спортшылар өзінің жеке пікірін білдіруге болатын орындар арнайы белгіленетінін және әлеуметтік желілерді пайдалануға болатынын мәлімдеді.

Айта кету керек, Олимпиада тарихында спортшылардың қандай да бір саяси оқиғаларға наразылық білдіру жағдайы бірнеше рет болған.


Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай