Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Хоккей: «Барыстың» плей-офф сатысындағы қарсыласы анықталды

2020 жылдың 26 ақпан 2020 01:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысында Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасымен шеберлік байқасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыс талабы бойынша жарыстың аталмыш сатысында команданың біреуі төрт жеңіске жеткенге дейін созылады. Алғашқы кездесу 1 наурызда басталады. Сол күні елордада екі команда кездессе, 3 наурызда елордада тағы бір ойын өтеді. Ал 5 және 7 наурыз күндері ойындар Магнитогорск қаласында болады. Қажет болған жағдайда қосымша ойындар 9, 11, 13 наурыз күндері ойналады.

Айта кетерлігі, «Барыс» құрлықтық хоккей лигасына биыл 12 мәрте қатысты. Соның 10-да плей-офф сатысының бақ сынады. 2014, 2017, 2019 жылдарда жарыстың екінші кезеңіне шықты.

Екі команда бұған дейін плей-офф сатысында екі мәрт жолықты. 2011/2012 жылғы кезеңде шығыс конференциясында 1/4 финалда ресейлік клуб ойындар сериясында 4:3 есебімен жеңіске жетіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Ал 2016/2017 жылғы кезеңде екі команда шығыс конференциясында жартылай финалда жолығып, ойындар сериясында елордалық команда қарсыласына 0:4 есебімен есе жіберді.

«Барыс» пен «Металлург» бүгінгі күнге дейін барлығы 37 кездесу өткізді. Оның 11-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында қарсыласына есе жіберді. Айта кетерлігі, құрлықтық хоккей лигасының 2019/2020 жылғы додасының тұрақты кезеңінде екі команда 4 ойын өткізді. Қуанарлығы, оның үшеуінде «Барыс» жеңіске жетті.

Елордалық клуб бүгін, 26 ақпанда тұрақты кезеңдегі соңғы ойынды өткізеді. Бұл жолы сырт айдында Хабаровскінің «Амур» командасымен кездеседі. Ал 24 ақпанда «Барыс» Владивостокта жергілікті «Адмиралды» 3:1 есебімен жеңіп кетті.
Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай