Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Хоккей: ЦСКА-«Барыс» матчын қайдан көруге болады

2020 жылдың 13 ақпан 2020 11:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында Ресейдің ЦСКА командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәскеу қаласында өтетін ойын екі команда арасындағы 23-і кездесу болмақ. Бұған дейін ресейлік армияшылар 12 мәрте жеңіске жетсе, 6-ауы елордалық клубтың басымдығымен аяқталды.

Турнир кестесінде ЦСКА 56 ойыннан кейін 86 ұпай жинап, бірінші орында тұр. Ал жетінші орынға жайғасқан «Барыстың» еншісінде 75 ұпай бар. Екі команда да плей-офф кезеңіне жолдаманы ертерек қалтаға басып үлгерді.

Айта кетерлігі, армияшылар соңғы тоғыз кездесудің небәрі біреуінде ғана қарсыласына есе жіберді. «Барыс» командасы да қарқынды ойын көрсетіп келеді. Олар соңғы он ойынның небәрі екеуінде жеңілді. Екі команда биыл бір мәрте кездесіп үлгерді. Нұр-Сұлтан қаласында өткен ойында ЦСКА 0:3 есебімен жеңіске жеткен еді.

ЦСКА мен «Барыс» арасындағы кездесу елорда уақытымен 22.30-да басталады. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұдан бұрын «Барыс» Екатеринбургте жергілікті «Автомобилист» командасын 4:2 есебімен жеңген болатын.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай