Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Хоккей: Олимпиада алдындағы іріктеу турнирі матчына билеттер сатыла бастады

2020 жылдың 11 қаңтар 2020 13:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Олимпиада алдындағы іріктеу турнирі матчына билеттер сатыла бастады. Оның аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада-2022 іріктеуіне қатыса алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан хоккей федерациясына сілтеме жасап.

Еске салайық, үшінші іріктеу кезеңінде «Н» тобында Қазақстан, Украина, Польша және Нидерланды ойнайды. Олимпиада алдындағы іріктеу матчы 6-9 ақпанда «Барыс Аренада» өтеді. Іріктеу турнирінің барлық ойынын QAZSPORT телеарнасы көрсетеді. Билеттерді Ticketon.kz және Zakazbiletov.kz онлайн-сервистерінен алуға болады.

Матч кестесі (Нұр-Сұлтан қаласындағы матч уақыты)

6 ақпан, бейсенбі

15:00 Польша – Нидерланды (tiketon.kz, zakazbiletov.kz)

19:30 Украина – Қазақстан (tiketon.kz, zakazbiletov.kz)

7 ақпан, жұма

15:00 Польша – Украина (tiketon.kz, zakazbiletov.kz)

19:30 Қазақстан – Нидерланды (tiketon.kz, zakazbiletov.kz) 8

8 ақпан, сенбі

Демалыс күні

9 ақпан, жексенбі

13:00 Нидерланды – Украина (tiketon.kz, zakazbiletov.kz)

17:00 Қазақстан – Польша (tiketon.kz, zakazbiletov.kz)

Қазақстан құрамасының қатысуымен өтетін матчтарға билеттер құны 500-3500 теңге болса, басқа командалардың матчына 500-950 теңге.

Айта кетейік, топ жеңімпазы қорытынды іріктеуде – төртінші іріктеу кезеңінде оайнайды. Онда қысқы Бейжің Олимпиада ойындары-2022-ге лицензия ойнатылады.


Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай