Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Хоккей: Ресей құрамасының шабуылшысы 4 жылға дисквалификацияланды

2019 жылдың 24 тамыз 2019 00:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Хоккейден Ресей құрамасының және Washington Capitals ҰХЛ клубының шабуылшысы Евгений Кузнецов төрт жылға дисквалификацияланды. Оған себеп – допингке қарсы ережені бұзу, деп хабарланды жұма, 23 тамызда Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) сайтында.

27 жастағы хокейшінің ағзасынан кокайн табылған. Допинг-сынама әлем чемпионатында 2019 жылы 26 мамырда алынған. Ол кезде Евгений ресейліктердің құрамасында ойнап, қола жеңіп алған еді.

Дисквалификация мерзімі төрт жыл, 2023 жылғы 12 маусымда аяқталады, деп көрсетілген IIHF хабарламасында.

2019 жылы хоккейден әлемдік біріншіліктерде Кузнецов 10 матчта ойнаған. Ресей құрамасы турнирдің қола жүлдегері атанды.

Басты сөздер: Ресей, Спорт,
Жоғары қарай