Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

ІІМ-де ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қайта құрылады

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 14:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қайта құрылмақ. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған құрылым өткен жылдың соңында бөлімше қызметкерлеріне қатысты төтенше оқиғалардан кейін таратылған еді. Қазіргі кезде біз ахуалға талдау жасап, Мемлекет басшысының атына тиісті хатты дайындадық. Осы орайда, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасын қайта қалпына келтіру бойынша қолдау жасалды», - деді А. Калайчиди Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің көшпелі отырысында.

Оның атап өтуінше, аталған құрылымды жасақтау орталық кадрлық комиссия деңгейіне енгізіледі.

«Бұл тұрғыда әрбір қызметкерді егжей-тегжейлі тексеріп іріктеу үшін жасалмақ. Яғни, өзіндік қауіпсіздік бөлімше қызметкерлерін іріктеу деңгейінде болады», - деді министрдің орынбасары.


Жоғары қарай