Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

ІІМ желіде тараған Арыс туралы видеоға пікір білдірді

2019 жылдың 25 маусым 2019 18:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде тараған Арыста болды деген видео Украинаның Харьков облысында түсірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетсек, Арыстағы жарылысқа ұқсас видео бүгін әлеуметтік желілерде кеңінен таралып кеткен болатын. Қаланың қақ ортасындағы видеода снарядтардың бірінен кейін бірі жарылып жатқаны бейнеленген. Алайда бұл Ішкі істер министрлігі бұл видеоның Арыс қаласына қатысы жоқ екендігін ресми мәлімдеді.

«Балаклея, Харьков, момент детонации» атты видео осыдан екі жыл бұрын жарияланып қойған. Расында да, 2 миллионға жуық адам көрген видеоның Арысқа қатысының жоқтығын мына сілтемеден көре аласыз.

Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында кеше таңертең жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Апат салдарынан екі адам мерт болды.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: ҚР ІІМ, Арыс, Интернет,
Жоғары қарай