Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Іле-Балқаш резерватындағы бұғыларға GPRS баулар тағылды

2019 жылдың 5 қыркүйек 2019 20:45

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы аумағындағы Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватында жүрген бұғылардың мойнына GPRS баулар тағылды. Бұл баулар бұғылардың қозғалысын бақылып, олардың жағдайын білуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты өткен жылдың маусым айында ашылған болатын. Мұндағы мақсат дәл осы аумақта кезінде мекен етіп, жойылып кеткен жолбарыстардың популяциясын жандандыру. 400 мың гектардан астам жер ерекше қорғалатын аумаққа айналып, жолбарыстарды 2025 жылы жіберу жоспарланып отыр. Ал оған дейін жыртқыштың азықтық қорын қамтамасыз ету керек. Сондықтан түрлі шөпқоректі жануарлардың санын көбейту жұмыстары басталып кетті. Алғашқы болып мұнда былтыр Тоғай бұғылары әкелінді. Қазір олардың ұрғашыларына арнайы баулар тағылып, қозғалысы бақылауға алынды.

«GPRS баулар «WWF» - Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының Қазақстанға жолбарысты қайтару бағдарламасы аясында алынды. Мойын баулардан келіп түскен мәліметтерді резерваттың ғылыми бөлімі сараптайтын болады. Мәселен, бұғылардың резерват аумағындағы қозғалысы, белгілі бір мекенде қанша уақыт аялдауы бақыланады, тіпті марал өліп қалған жағдайда да ақпарат алуға болады», - дейді резерваттың бөлім басшысы Лина Вальдшмит.




Сондай-ақ, оның айтуынша, бұл баулардың қуаты 2 жылға жетеді.

«Оларды қауіпсіздік мақсатында тек ұрғашы жануарларға тағуға болады. Жас төлдің өсетінін ескерсек, бау оларды тұншықтыруы мүмкін. Ал еркек бұғылар өте белсенбі болғандықтан, мүйізімен іліп кетіп, өзін жарақаттап, қондырғыны бұзып тастауы мүмкін», - деп ойын толықтырды Лина Вальдшмит.








Жоғары қарай