Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Индонезиядағы су тасқынынан қаза болғандар арасында қазақстандықтар жоқ - ҚР СІМ

2019 жылдың 17 наурыз 2019 16:20

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезиядағы су тасқынынан құрбан болған және зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Индонезияның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Джакартадағы елшілігіне ұсынған мәліметтерге сәйкес, қаза болғандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ», - деді ресми өкіл.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Индонезия шығысындағы Папуа провинциясында су тасқынынан ажал құшқандар саны 63 адамға жетті.

«Құтқарушылар судан 63 адамның денесін алып шықты. Папуа провинциясында сенбі күні түнде болған тасқын салдарынан жоғалған жүздеген адам әлі де іздестіріліп жатыр», - деп хабарлады жергілікті құтқару қызметінің өкілі.

Автор Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: ҚР СІМ, Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай