Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды

2019 жылдың 29 наурыз 2019 19:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Мереке Пішембаев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Мереке Құдайбергенұлы Пішембаев Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды», - делінген Ақорданың ресми сайтында.

Сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Замир Садықұлы Сағынов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Мереке Құдайбергенұлы Пішембаев 1962 жылы Павлодар облысы Май ауданында туған. Өскемен жол-құрылыс институтын (1985), Евразиялық нарық институтын (1997), Ресей Федерациясы Президенті жанандағы мемлекеттік қызмет академиясын (2005) бітірген. Техника ғылымының кандидаты.

Еңбек өтілі: Павлодар облыстық автомобиль жолдары басқармасының Май аудандық автожолы, аға жол мастері (1985-1988); МП «Даурен» директоры (1991-1993); «Ансат Павлодар» АҚ Зауытының директоры (1993-1996); «Павлодар жолдары» ЖПУ -65 бастығы (1996-1997); ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары департаментінің бөлім бастығы, Автомобиль жолдары департаменті директорының орынбасары (1997-2000); Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік автомобиль жолдары мекемесінің директоры, Автомобиль жолдары комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық басқармасының бастығы; «Қазақавтожол» РМК бас директоры (03.2002-10.2013); ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі (10.2013-13.08.2014).

2014 жылдың тамыз айынан бастап - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы.

Жоғары қарай