Ауа райы
Нұр-Сұлтан 21 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Индустрияландырудың үшінші бесжылдығы тұжырымдамасы әзірленеді - Жеңіс Қасымбек

2018 жылдың 13 ақпан 2018 13:14 9529

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индустрияландырудың үшінші бесжылдығы тұжырымдамасы  әзірленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, өнеркәсіптік дамудың келесі кезеңі - Индустрия 4.0 элементтерін енгізу арқылы технологиялық дамудың жаңа сапалы деңгейіне өту. Өткен жылы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енгізілген цифрлық технологияларды енгізу үшін экожүйе құруға бағытталған негізгі өнеркәсіп салаларын техникалық қайта жарақтандыру шаралары әзірленді. Ағымдағы жылы 7 модельдік цифрлық фабрикамен жұмыс басталады. Бұған қоса, 14 кәсіпорында Индустрия 4,0 технологияларын енгізу жобалары қолға алынады. Оның үшеуі ағымдағы жылы аяқталуы тиіс.

«Сондай-ақ, биыл цифрландыруды ынталандыруға қатысты кейбір қолдау шараларын ішінара қайта қарауды жоспарлап отырмыз. Инновациялық құрамдас және өнеркәсіпті цифрландыру бойынша жаңа жаһандық технологиялық үрдістерді ескере отырып, жыл аяғына дейін «цифрлық дәуір» өнеркәсібінің қалыптасуына бағытталған Индустрияландырудың үшінші бесжылдығы тұжырымдамасы  әзірленеді», - деді министр.

Жалпы, Жеңіс Қасымбектің сөзіне қарағанда жоспарланған іс-шараларды іске асыру 2018 жылы өңделген экспорттың құндық өсімін 10,3, өңдеу өнеркәсібінің еңбек өнімділігін 6 пайызға, өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталының 1 трлн теңгеге дейін өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Фото: primeminister.kz

Жоғары қарай