Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Instagram жұмысында іркіліс болды

2019 жылдың 4 тамыз 2019 16:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Instagram әлеуметтік желісі жексенбіден бері көптеген мемлекеттерде істемей тұрды, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі Downdetector сервисіне сілтеме жасап.

«Instagram жұмысында проблема АҚШ-тың Шығыс жағалаулары уақыты бойынша сағат 22:17-де басталды»,-делінген хабарламада.

Әлеуметтік желінің жұмысындағы іркіліске әсіресе АҚШ, Бразилия, Бельгия, Нидерланды және Франция мемлекеттерінің тұрғындары көп шағымданған. Бұл жағдай сонымен қатар Германия, Мексика, Польша, Ұлыбритания, Сербия, Чили, Жапония және Малайзия елдерінде де байқалған.

Желіні пайдаланушылардың көпшілігі жаңалықтар лентасын жаңарта алмаған (50% жуығы), 29% өздерінің жеке жазбаларына кіре алмаған. Тағы 20% Stories-ті қарауда қиындықтарға тап болған.

Перевод Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Интернет, Әлем,
Жоғары қарай