Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Интернет алаяқтың арбауына түспеудің жолы қандай – полиция кеңес береді

2019 жылдың 19 тамыз 2019 12:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі Facebook-тегі парақшасында интернет алаяқтардың арбауына түсіп қалмаудың жолдарын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, алаяқтар арбауына түсіретін құрбандарын негізінен жылжымвайтын мүлік пен көлік сату жарнамалары жарияланатын сайттардан іздейді.

«Қаскүнемдер пәтер немесе көлік сату сайттарынан құрбандарын таңдап алғаннан кейін оларға телефон арқылы хабарласып, мүлкін сатып алуға және кепіл ақша жіберуге дайын екендіктерін айтады. Алдау арқылы сенімге кіргеннен кейін сатып алушының төлем картасындағы «интернет-банкинг» қызметін қосуды ұсынады және бұл ретте өздерінің телефон нөмірлерін береді. Ал алаяқтың құрбаны болса банк картасы мен онда есепшоттағы барлық ақша қаржатын басқару мүмкіндігін береді», - деді полициядан.

Осыған орай ішкі істер департаменті азаматтарға барынша сақ болуға және карта есепшоттарының жеке мәліметтері мен пин-кодтарын ешкімге бермеуге, жүзеге асырмаған банк картасы арқылы операцияларды растамауға, анонимді төлем жүйесі арқылы белгісіз адамдарға ақша аудармауға, компьютерде немесе ұялы телефонда күдікті бағдарламалар мен қосымшаларды пайдаланбауға кеңес береді.

«Егер Сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, онда шотыңыздағы ақша қаражатыңызды сақтап қалу үшін ең алдымен өз банкіңіздің байланыс орталығына жүгінуіңіз қажет. Сонымен қатар қалалық полиция департаменті жүгініңіз», - деп атап өтеді департаменттен.

Жоғары қарай