Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -15 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Инвестор ретінде келетін неміс кәсіпкерлеріне жеңілдік жасауға ниеттіміз – ҚР Президенті

2019 жылдың 5 желтоқсан 2019 22:29

БЕРЛИН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапары барысында ГФР-дің экс-канцлері Герхард Шрёдермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың аясын кеңейту және екі елдің іскерлік байланыстарын нығайту мүмкіндіктері талқыланды.

«Германия әлемде төртінші ірі экономика болып саналады. Алайда, біздің елге салынған инвестиция көлемі бойынша 12-орында. Қазақстанға инвестор ретінде келетін неміс кәсіпкерлеріне арнайы жеңілдіктер жасауға ниеттіміз. Бізде арнайы экономикалық аймақтар бар. Сондықтан оларға ерекше жағдай жасаймыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Герхард Шрёдер Қазақстанның инвесторлар тартуға бағытталған шараларына оң баға беріп, экономиканың нақты секторындағы бірлескен бизнес-жобаларды жүзеге асыру жөнінде өз ұсынысын айтты. Белгілі саяси қайраткердің пікірінше, Қазақстан немістің ірі компанияларына ғана көңіл бөліп қоймай сондай-ақ, Германияның шағын және орта бизнесінің әлеуетін де ескеруі қажет.




Жоғары қарай