Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Иоган Меркель Астана атауын өзгертудің Конституцияға сәйкестігіне пікір білдірді

2019 жылдың 22 наурыз 2019 18:45

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі Иоган Меркель Астананың атауын өзгерту процедурасы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік желіде Президент өкілеттігіне ие болған адамның Конституцияға өзгеріс енгізуге құқығы жоқ деп айтылуда. 48-бапта белгіленген тікелей тыйым да бар. Алайда, бұл тұжырымдар жеткілікті түрде расталмаған ақпаратқа негізделген. Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентке ешқандай заң жобасын ұсынбады, ол тек палаталардың бірлескен отырысында ұсыныс жасады, нақты заң жобасын Үкімет енгізді», - деді Иоган Меркель ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Сарапшы Үкімет пен Парламенттің Конституцияға түзетулер енгізу туралы заң жобаларын ұсынуға құқылы екенін және оның негізгі заңға қайшы келмейтінін баса айтты.

«Негізгі рұқсат беру ережесі Конституцияның 91-бабының 2-тармағында баяндалған. Онда Конституцияға қандай өзгерістер енгізуге болмайтыны нақты айтылған. Ең алдымен бұл ел тәуелсіздігі, республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығы, оны басқару нысаны, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптері және Елбасы мәртебесіне қатысты. Астананы қайта атау мәселесі бұл тармақта көрсетілмеген, сондықтан біз қайта атау бастамасына оң пікір білдірдік, өйткені еш бұзушылық жоқ», - деп түсіндірді Иоган Меркель.

Сонымен бірге, ол елорданы қайта атау туралы өзінің жеке пікірін білдірді.

«Қазақстан азаматы ретінде мен жаңа атауға оң көзқарастамын, өйткені, Тұңғыш Президент болмаса, Астана қаласының болмайтыны бәрімізге мәлім. Астананы ауыстыру немесе жаңа қаланы салу әлем бойынша экономиканы дамыту локомотиві ретінде пайдаланылады, бұл жалпыға аян. Себебі кеңселердің, мектептердің, ғимараттардың құрылысы экономикамыздың барлық салаларын дамытады. Егер мектеп салынса, онда үстелдер керек, оны компьютермен жабдықтау керек және тағы басқалар. Біздің астанамызға келсек, бұл - Президенттің перзенті. Мүмкін, жаңадан көшіп келген жастар мұны білмейді, мен Астананы қазіргі қалпына жеткізу үшін бойынша екі-үш жиналыс өткенін анық білемін», - деп өз сөзін түйіндеді Иоган Меркель.

Жоғары қарай