Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Иран Президенті: Украина ұшағының құлауына кінәлілер қылмыстық жауапқа тартылады

2020 жылдың 11 қаңтар 2020 12:15

ТЕГЕРАН. ИРНА - ҚазАқпарат – «Орны толмас бұл қателік үшін кінәлілер қылмыстық жауапқа тартылады», деп мәлімдеді Иран Президенті Хасан Роухани сенбі күні.

Бұл туралы Иранның Ирна агенттігі хабарлады.

Ол адамның қателігінен Украина ұшағының құлағанынан өкінетінін айтты.

«Өкінішке қарай, адам факторы мен қате іске қосылған зымыранның соңы үлкен апат әкелді. Мен Иранның Президенті ретінде осы үлкен апаттың салдарынан мерт болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтамын»,-делінген хабарламада.

Президенттің айтуынша, Иран Сыртқы істер министрлігі мерт болған азаматтардың мәйіттерін отбасыларына жеткізу үшін қодан келгеннің барлығын жасайды.

«Сонымен қатар әуе қорғанысы күштері кешендерінің барлық әлсіз жақтарын жойып, мұндай әуе апаттарының екінші қайталанбауына қажетті барлық шаралар қолға алынсын»,-деді Иран басшысы.

Осыған дейін Иранда 180 жолаушысы бар Украина ұшағы құлағаны туралы хабарланды.

Артынан Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ұшақта Қазақстан азаматтарының жоқ екенін хабарлады.

Тегеранда құлаған Украина ұшағындағы жолаушылардың барлығы мерт болғаны анықталды.

Канада премьер-министрі Иран жолаушылар лайнерін абайсызда атып жіберу мүмкін деген болжамын жариялады.

Бүгін Ирна ақпарат агенттігі Иранның әуе қорғаныс күштері Украина ұшағын қателесіп атып түсірді деген ақпарат таратты.



фото: ru.irna.ir/news
Жоғары қарай