Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Ирандағы ұшақ апаты: Консулдық мәселелер бойынша  жұмыс тобы құрылды

2020 жылдың 12 қаңтар 2020 14:21

ТЕГЕРАН. ИРНА - ҚазАқпарат – Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Аббас Мусави Тегеранда құлаған Украина ұшағында қайтыс болғандардың ісі бойынша Консулдық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы құрылғанын хабарлады.

Бұл туралы Иранның Irna агенттігі хабарлады.

Айта кетейік, Киевке ұшып бара жатқан «Украина халықаралық әуе желісі» компаниясының Boeing 737-800 ұшағы 8 қаңтарда сәрсенбі күні Тегеран әуежайынан ұшып шыққан соң апатқа ұшырады. Ұшақта болған 176 адам түгел мерт болды. 167 жолаушының арасында Иран, Украина, Канада, Германия, Швеция және Ауғанстан азаматтары болған және 9 экипаж мүшесі бар.

Ол Иран Ислам Республикасының саяси және консулдық миссиясының өкілдері мерт болған азаматтардың отбасыларының қажеттіліктерін жіті қадағалап отырғанын айтты.

«Иран сыртқы істер министрлігінде ұшақ құлауы кезінде қаза тапқандардың отбасына қажетті көмек көрсететін арнайы жұмыс тобы құрылды», - деп мәлімдеді Мусави.

Ол Иран Ислам Республикасының саяси және консулдық миссиясының мерт болғандар отбасыларына қажетті көмек көрсететінін атап өтті.


Жоғары қарай