Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Иранның бірқатар провинциясында коронавирус салдарынан сабақтар тоқтатылды

2020 жылдың 23 ақпан 2020 10:30

ТЕГЕРАН. ИРНА - ҚазАқпарат – Иранның бірқатар провинциясының билігі коронавирус таралмауы үшін бірқатар оқу орындарын жабу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА-ға сілтеме жасап.

Алғаш рет коронавирус тіркелген Кум провинциясында екі күнге - жексенбі және дүйсенбі күндері барлық мектептер мен жоғары оқу орындарын жабу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, Тегеран, Керманшах, Хамедан, Казвин, Ардебиль, Мазандаран, Альборз және Голестан провинциялары да осындай ұйғарымға келді. Маркази және Гилян провинцияларында оқу орындарын бір аптаға жабу туралы шешім қабылданды.

Бұдан бөлек, коронавирустың таралуына жол бермеу жедел штабы елде 10 күнге – 24 ақпаннан 5 наурызға дейін барлық спорттық шаралардың тоқтатылғанын хабарлады. Иранның мәдениет министрлігі де 28 ақпанға дейін елде ешқандай мәдени бағдарлама болмайтынын жариялады. Иранда жаңа типті коронавирус жұқтырғандар саны 29 адамға жетті, алты адам қайтыс болды.


Жоғары қарай