Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Ішімдік ішкен қостанайлық өз баласын ұрлап кетті

2019 жылдың 10 қыркүйек 2019 18:50

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайлық полицейлер ұрланған баланы анасына бір сағаттың ішінде қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін «102» нөміріне облыс орталығының 28 жастағы тұрғынынан хабарлама келіп түскен. Ол өзінің 5 жасар ұлын бұрынғы жұбайы балабақшадан алып кеткенін хабарлады. Анасы ер адамның мас болғанын және белгісіз бағытта кетіп қалғанын айтқан. Сондай-ақ, ұялы телефонға жауап бермеген.

«Оқиға орнына жедел тергеу тобы шықты. Полиция іздестіру іс-шаралары барысында ер адамның тұрған жерін анықтап, оны «КСК» шағын ауданындағы дүкеннің жанынан ұстады. Ал балабақша қаланың оңтүстік бөлігінде орналасқан.

Қазіргі уақытта ер адам медициналық айықтырғышқа орналастырылды, оған қатысты «Адам ұрлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген полицияның хабарламасында.

Қазіргі уақытта ұрланған бала анасына қайтарылды.

Жоғары қарай