Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Ішкі істер министрі қызды құтқарған полицейлерді марапаттады

2019 жылдың 9 қараша 2019 16:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев күні кеше Қарағандыда қызды құтқарып қалған патрульдік полиция қызметкерлерін қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство басшысы полиция лейтенанты Ерасыл Мұрат пен полиция сержанты Бекзат Омашевқа жеделдік танытып, батылдық көрсеткені үшін алғысын білдіріп, полицейлерді ІІМ-нің «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапаттады.

Полиция қызметкерлерін марапаттау Нұр-Сұлтан қаласында Министрлік орталық аппаратының қызметтері мен бөліністері басшыларының қатысуымен өтті.

«Мыңдаған жас қызметкерлер күн сайын азаматтарымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет етуде. Оларға әр түрлі жағдайларда жұмыс істеуге тура келеді, олар атақ үшін емес, өзінің қызметтік және азаматтық борышына сәйкес батырлық әрекеттер жасайды. Сіздердің батыл істеріңіз осының дәлелі және барлық жеке құрамға үлгі» – деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.

ІІМ қызметкерлері (құтқарушылар, полицейлер, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері) жыл сайын оттан, суға батудан, суицид әрекетінен және жазатайым оқиғалардан 10 мыңнан астам адамды құтқарады.

Жоғары қарай