Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 414.13
EUR 451.40
RUB 5.80
CNY 58.03

Ішкі істер министрлігі қару-жарақпен қашқан әскериді ұстауға өз күшін жұмылдырды

2020 жылдың 20 ақпан 2020 18:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі қару-жарақ алып қашып кеткен кіші сержантты ұстауға өз күшін жұмылдырды. Бұл туралы елордада ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Саданов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі істер министрлігінің жедел тергеу тобы аталған мәселеге қатысты хабарлама түскеннен бері тиісті жұмыстарды атқарып жатыр», - деді А. Саданов баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, әскери қызмет орнын тастап кеткен кіші сержантты ұстау үшін Шымкент қаласы мен Түркістан облысы полиция департаментінің гарнизондары, сондай-ақ Ұлттық ұлан құрылымдары жұмылдырылған.




Бұдан бұрын хабарланғандай, Шымкент қаласына таяу жердегі әскери бөлімнен келісімшартпен қызмет етіп жатқан кіші сержант А.Балғынбай бірнеше қару-жарақ алып қашып кетті.


ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Әуеге күштеріне қарсы қорғаныс әскери бөлімдерінің бірінде кіші сержант А. Балғынбай рота бойынша кезекшіліктен рұқсатсыз кетіп қалған. Бұған қоса, қару-жарақ сақтайтын бөлмеден бірнеше атыс қаруының жетіспейтіндігі анықталды.





Жоғары қарай