Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Ішкі туризм: Қанша елді мекенге ұшақтар қатынай бастайды

2019 жылдың 7 қазан 2019 11:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда ішкі туризмді ынталандыру үшін шағын авиацияны дамыту бойынша шаралар қолға алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде ішкі туризмді ынталандыру үшін шағын авиацияны дамыту бойынша шаралар қабылданып жатыр. Мәселен, бүгінгі күні жергілікті әуе желісінде 3 әуеайлақ қызмет көрсетеді. Олар: Үшарал, Үржар және Зайсан. Баянауыл авиаайлағы пайдалануға беру кезеңінде тұр. Жақын 5 жылдықта тағы 13 әуе айлағының құрылысы көзделуде», - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов бүгінгі Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, биыл лизинг негізінде осы әуе айлақтарынан ұшырылатын 2 Л-410 әуе кемесі (19 кресло) алынған. Сонымен бірге, 2025 жылға дейін осыған ұқсас санаттағы 20 әуе кемесін енгізу жоспарланған.

Еске сала кетсек, Үкімет басшысы Асқар Мамин жауапты ведомстволарға өңірлерде шағын авиация мен аэродромдарды дамытуға арналған бағдарлама әзірлеуді жүктеген болатын.

Жоғары қарай