Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Испанияда ер адамның паригінен жарты келі есірткі табылды

2019 жылдың 17 шілде 2019 02:02 238

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Испания полицейлері Барселона әуежайынан Колумбия азаматын ұстады. Ол өзінің паригіне жарты келіге жуық есірткіні жасырған. Бұл туралы Би-би-си-дің жаңалықтар қызметі хабарлады.

Хабарламада айтылғандай, әуежайда тым мазасыз күйде болған және оның паригінің көлемі де күдік тудырған.

Полиция қызметкерлері есірткі тасымалдамақ болған азаматтың паригінен құны 30 мың еуро тұратын 503 грам кокаин алды.

Жоғары қарай